Қаңтар оқиғасы: 20 мыңнан астам азаматтан жауап алынды – министр

https://baq.kz
(0 Votes)

Жалпы, полиция Қаңтар оқиғалары бойынша 4 623 қылмыстық істі тергеді. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Олардың көбі – адам өлтіру, ұрлық, қару-жарақтың заңсыз айналымы, бұзақылық, бөтен мүлікті қасақана бүлдіру қылмыстары. 20 мыңнан астам азаматтан жауап алынды. 5 мыңнан астам сараптама тағайындалды. Ұрланған мүліктің көбі тәркіленді. Қылмыстық іс бойынша 983 адам ұсталды.  Оның 502-сі арнайы прокурорларға берілді, – деді ол.

Ведомства басшысының айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеңілдететін мән-жайлардың болуын ескере отырып – 255 адам босатылды.

Бұл соттылығы жоқ және залалды өз еркімен өтеген азаматтар. Адамдардың көпшілігіне бас бостандығынан айырмайтын бұлтартпау шаралары қолданылды. Төтенше жағдай кезінде ауыр қылмыс жасағаны үшін 12 кәмелетке толмағандар анықталып, оларға қарсы бұлтартпау шарасы, бас бостандығынан айырмау шарасына өзгертілді, – деді Марат Ахметжанов.

Мәлімдеуінше, тергеу қылмыстық процестің үш буынды моделіне сәйкес жүргізіліп жатыр.  

Яғни, тергеушілердің барлық негізгі шешімі прокурордың қадағалауы арқылы келісімінен және соттың бақылаумен өтеді. 631 айыпталушы сотқа жолданды. Олардың 132-сі – бас бостандығынан айырылды, ал қалғандары – шектеу, қоғамдық жұмыстар мен айыппұлдар салынды. Бірқатар күдікті жәбірленушілерге келтірілген залалды өз еркімен өтеді. Татуласу салдарынан кейбір қылмыстық істер тоқтатылды, – деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521