6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды

(0 Votes)

ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2020 жылға арналған жоспары негізінде осы жылдың І тоқсанында Атырау қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты 3 мекемеде ҚР заңнамасы нормаларының сақталуына аудиторлық іс – шаралар жүргізіп, нәтижесімен жалпы сомасы 128 424,0 мың теңгенің бұзушылықтарын анықтады, оның ішінде рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 104 426,5 мың теңге, қаржылық бұзушылықтар – 20 771,5 мың теңге және мемлекеттік сатып алулар бойынша бұзушылықтар 3 226,0 мың теңге.

Атап айтқанда, «Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті» РММ бойынша барлығы 55 320,3 мың теңге, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 14 383,3 мың теңге, «Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бойынша барлығы 70 103,2 мың теңге, оның ішінде мемлекеттік сатып алулар бойынша бұзушылықтар 3 226,0 мың теңге және «Атырау облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ бойынша барлығы 5 366,1 мың теңге, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 2 497,9 мың теңгені құрайды.

ҚР «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес Департаментпен аудит объектілеріне аудиторлық қорытындылар және анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жолданып, қорытындысымен 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай – ақ, бүгінгі күнге аталған Мекемелермен 4 881,7 мың теңге бюджетке толықтай өтелді.

Сонымен қатар, Департаментпен ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жоғарыда аталған Мекемелердің бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларына қатысты 11 әкімшілік іс қаралып, нәтижесінде 569,6 мың теңгенің айыппұлы салынып, толықтай бюджетке өтелді, оның ішінде «Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті» РММ бойынша 6 әкімшілік іс – 305,6 мың теңге, «Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бойынша 4 әкімшілік іс – 194,5 мың теңге, «Атырау облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ бойынша 1 әкімшілік іс – 69,5 мың теңге.

Г.Айтқалиева,

Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қаржылық есептілік аудиті бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521