418 текше метр қоқыс жиналды

(0 Votes)

Жуырда Жылыой ауданында «Таза Қазақстан» жобасы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Дәстүрлі түрде жиі өткізілетін тазалық жұмыстарына өңірдің белсенді азаматтарынан бастап мектеп оқушыларына дейін қатысып, жалпы есеппен 60-тан аса тұрғын қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға үлес қосты.

Жалпыұлттық экологиялық акция – қоршаған ортаны қорғау мен азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды бастама. Ал ол ең әуелі табиғатқа деген жанашырлықтан басталатыны даусыз. Бүгінде ауданда осы жоба аясында жиі сенбіліктер өткізіліп, оған білім беру мекемелері, кәсіпкерлік ұйымдар, еріктілер мен жастар да бір адамдай атсалысып, қала көшелері мен саябақтарды, сондай-ақ қоғамдық орындарды тазалауда үлгі боларлық жұмыс атқарып жүр.

Бұған ауданымыздағы өткен аптада өткізілген сенбілік дәлел болмақ. Құлсары қаласы әкімі аппаратының бас маманы Әзизхан Демесіновтің айтуынша аудан азаматтарының бірлескен жұмысы нәтижесінде сенбілік барысында 418 метр текше қоқыс жиналып, арнайы полигонға жеткізілген. Сондай-ақ «жұмыс әлі де жалғасын табады» дейді ол. ​

Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT