40°С-қа дейін ыстық болады: Синоптиктер ауа райының қандай болатынын айтты

(0 Votes)

Синоптиктер Қазақстанда маусым айында ауа райы қандай болатынын болжады. 

"2022 жылдың маусым айының басында Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде күндіз +25+33°С, Маңғыстау облысының оңтүстігінде +38°С ыстық болады", – деп хабарлады Қазгидромет.

Еліміздің батысын қоспағанда, Қазақстанның көптеген облысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қысқа мерзімді жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауып, қатты жел тұрады.

Температура фоны салыстырмалы түрде төмен — күндіз +15+23°С, елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында – +20+28°С. Елдің солтүстік-батыс бөлігінде түнде ауа температурасы төмендеуі мүмкін.

Маусымның бірінші онкүндігінің ортасына қарай, Жерорта теңізі мен Орта Азияның шығыс жағалауынан келетін ауа массалары республика аумағында өте ыстық ауа райын туындатады, термометр бағандары +28+36°С белгісіне дейін, Қазақстанның шеткі оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде кей күндері +40°С дейін көтерілуі мүмкін.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521