3000-нан астам адам портал арқылы көмек алды

(0 Votes)

3 мыңнан астам адам әлеуметтік қызметтер порталы арқылы азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтарын алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

2020 жылдың 1 қазанынан бастап aleumet.egov.kz порталы арқылы АӘК алушылар қатарынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік және тұрмыстық ұсыну бойынша жоба іске асырылуда. Әлеуметтік қорғау органдарының қызметкерлері пилоттық алушыларға порталдағы тапсырыс бойынша жұмыс істеуге көмектеседі, олар одан әрі онлайн өтінім бере алады.

Жұмыс тек бағдарламаға қатысушылармен ғана емес, сонымен қатар, жиынтықтарды жеткізушілермен де жүзеге асырылады. Жеткізушілерді тексеру бірнеше кезеңнен тұрады, онда жеткізушілердің адалдығы, сенімділігі және өнімділігі тексеріледі.

Азық-түлік жиынтықтары баланың жасына қарай 2 санатқа бөлінеді:
1. 1 жастан 3 жасқа дейін;
2. 3 жастан 6 жасқа дейін.

Азық-түліктен басқа гигиена құралдары жиынтықтарына – балалар сусабыны, сабын, балаларға арналған кір жуғыш ұнтақ және басқалары кіреді. Бағдарлама жоспары бойынша 2021 жылдан бастап қызметті 250 мыңнан астам қазақстандық пайдалана алады.

https://batys.info

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521