2025 жылға дейін республикалық жолдар 100 пайыз жөнделеді

(0 Votes)

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев еліміздегі автомобиль жолдарының жай-күйін баяндады.

Министрдің айтуынша, еліміздегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды. Оның ішінде 25 мың шақырымы – республикалық маңызы бар жолдар болса, қалған 71 мыңы – облыстық және аудандық маңызы бар жолдар.

«2025 жылға дейін республикалық маңызы бар жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесін 100 пайызға, жергілікті желі жолдарының үлесін 95 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр», - деді Қ. Өскенбаев Үкімет отырысында.

Көлік-транзиттік әлеуетті арттыру міндеттерін іске асыру 8 көлік дәлізін жаңғырту арқылы қамтамасыз етіледі. «Бүгінде жалпы барлық дәліздер толық қуатында жұмыс істеп тұр. Жекелеген учаскелер бойынша өткізу қабілетін арттыру үшін реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Қ. Өскенбаев.


ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика