2024 жылы өңірде жастарға арналған 300-ден аса іс-шара ұйымдастырылды

(0 Votes)

Өткен жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 17 жоба жүзеге асып, жастардың әлеуметтік деңгейін арттыру мақсатында 196 шара, ал нашақорлық, лудомания, өзге де құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін 160 іс-шара өтті. Жалпы қамтылған жастардың саны 25 мыңға жуықтайды. Бұл туралы Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Айгерім Досқалиева айтты,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Жастар үшін маңызды тақырыптардың бірі – тұрғын үй. Былтыр «Атырау жастары» бағдарламасы аясында 115 жас, «Атырау Аудан жастары» бағдарламасы арқылы 13 жас баспаналы болды. Өткен жылы облыстағы мансап орталықтарына жұмыспен қамту мәселесі бойынша хабарласқан жастардың саны 26 мыңға жуықтады. Ал олардың жартысынан астамы екі қолға бір күрек тапқан: 9500-ден астамы тұрақты жұмысқа орналасса, 4 мыңға жуығы мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыспен қамтылды. 

-    Аудан жастарының әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатында былтыр «Ауыл жастарының әлеуметтік белсенділігін дамыту бағдарламасы» жүзеге асып, жоба жеңімпаздарына 1 миллион теңгелік сертификат табысталды. Сондай-ақ өңірдегі шығармашылық жастарға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталды. Ғылым, мәдениет, бизнес, медиа және ақпараттық технологиялар бағытын қамтыған бұл грант атыраулық 10 жасқа бұйырды. Әрқайсысына жобаларын іске асыру үшін 1 миллион теңге көлемінде грант берілді, - деді А.Досқалиева. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT