НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 2024 жылға дейін кезең-кезеңімен ақы алу жүйесі енгізілетін жолдардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылы мына учаскелер ақылы болады:
Орал – РФ шекарасы (Саратов);
Қапшағай – Талдықорған;
Тараз – Қайнар;
Қызылорда – Шымкент – Тараз;
Шымкент – Өзбекстан шекарасы;
РФ шекарасы (Орынбор) – Ақтөбе – Қызылорда;
Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Самара);
Павлодар – РФ Шекарасы (Омбы);
Нұр-Сұлтан – Қостанай – РФ шекарасы (Троицк);
Ақтау – Бейнеу; Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы;
Нұр-Сұлтан – Павлодар; Павлодар – Семей – Қалбатау.
2022 жылы мына жолдарға ақы алу жүйесі енгізіледі:
Петропавл – РФ шекарсы (Қорған);
Теміртау – Қарағанды, Қарағанды айналма жолы;
Щучье – Зеренді; Таскескен – Бақты;
Жетібай – Жаңаөзен.
2023 жылы ақылы болатын жолдар:
Күрті – Бурылбайтал;
Үшарал – Достық;
Қарабұтақ – Рудный – Қостанай;
Ұзынағаш – Отар.
Ал 2024 жылы мына учаскелер ақылы болады:
Қарағанды – Балқаш; Балқаш – Бурылбайтал;
Күрті – Қапшағай; Талдықорған – Өскемен;
Қалбатау – Майқапшағай; Меркі – Бурылбайтал;
Атырау – Орал; Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат – Доссор;
Атырау – РФ шекарасы (Астрахань);
Подстепное – Федеровка – РФ шекарасы.