2024 жылғы 12 сәуірдегі Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет

(0 Votes)
фото: Ак Жайык

“Қазгидромет" Атырау облысы бойынша РМК-ның мәліметінше, гидрологиялық мониторинг деректері бойынша 2024 жылдың 12 сәуір таңғы 8 сағаттағы жағдай бойынша су деңгейінің көтерілуі:  

- Индербор кентіндегі гидропостта су деңгейінің көтерілуі - 14 см, БҚО тарапынан судың келуі есебінен су тасқыны басталғалы бері жалпы су деңгейініі көтерілуі - 278 см құрайды,

- Махамбет кентінде су деңгейі 28 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу деңгейі - 288 см құрайды,

- Атырауда су деңгейінің көтерілуі - 22 см, су тасқыны басталғалы бері жалпы су деңгейінің көтерілуі - 143 см.

"12 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу деңгейі 720 м3 / с құрайды", - делінген хабарламада.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521