2023 жылғы ІІІ тоқсан бойынша аудан әкімінің халықпен тұрақты кездесулерінде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы

(0 Votes)

 

Мәселенің қысқаша мазмұны

Орындалу мерзімі

Күні бүгінгі орындалысы

Мақаш ауылдық округі

1

Мектептегі логопед-дефектолог маман тапшылығын жою

2023 жыл ішінде

Ә.Сәрсенбаев жалпы орта мектебінде 0,5 ставка сағатпен дефектолог маманы жұмыс жасауда. Бала саны толмауына байланысты логопед маманы әзірге алынбай отыр.

2

Құбыр арқылы жүретін таза судың тарифін бекіту жұмыстары жүргізілсін

2023 жыл ішінде

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап таза судың тарифі бекітілді.Тариф құны 240 теңге. Оның 190 теңге субсидия арқылы үкімет төлеп, халық 50 теңгеден төлейді. Бекітілген лимиттен асып кеткен жағдайда, толық тарифпен төлейді. Бекітілген лимит адам басына бір тәулікке 70 л.

3

Афанасьев бекетінен фельдшерлік-акушерлік пункт ашу

2023 жыл ішінде

Афанасьев бекетінен фельдшерлік-акушерлік пункт салыну үшін жер телімі алынған. Құрылыс жұмыстарын бастау 2024 жылға жоспарланған.

4

Афанасьев бекетіне дейінгі кірме жоды және ауыл ішілік жолды тегістеу

2023 жыл ішінде

Аудандық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстаушы «Ганюшкин-Құрылыс» ЖШС- сі арқылы жолды тегістеу жұмыстары жүргізілді

Еңбекші ауылдық округі

1

Кадырка ауылы, Астана көшесіне түнгі көше жарық шамдарын орнату

2023 жыл ішінде

2024 жылғы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша түнгі көше жарығы жүргізілетін болады.

2

Жұмекен, Даулеткерей ауылдарына ауылшілік тас жол төсеуге қаржы бөлу мәселесін қарастыру

2023 жыл ішінде

Жұмекен, Даулеткерей ауылдарына ауылішілік тас жол төсеуге жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Қазіргі уақытта, қаржысы сұратылуда, қаржы бөлінген жағдайда тас жол төсеу жұмыстары басталатын болады.      

3

60 пәтер алдында орналасқан қоқыс жәшіктерін (контейнер) тазалайтын мекемемен келісім шартқа отыру

 

2023 жыл ішінде

«Елді-мекендердің тазалық жұмыстары» бағдарламасы бойынша Астана көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің қатты қалдық жәшіктерін тазартып, жыл ішінде тасымалдау жұмыстарына бюджеттік өтінім берілді.

4

60пәтерлік тұсына Атырау-Астрахань тас жолының бойына түнгі жарық шамдар орнату

2023 жыл ішінде

Астана көшесі, 60 пәтерлік тұрғын үйлер орналасқан, «Атырау-Астрахань» республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойына түнгі жарық шамдарын қондыруға 22 968 000 теңгеге бюджеттік өтінім жолданды. «ҚазАвтоЖол» АҚ тарапынан 8 нүктеге жарық шамдарын қондыру жоспарлануда.

 

5

Кадырка ауылында халық санының көбеюіне байланысты балалар ойын алаңын және жазғы футбол алаңын салу

2023 жыл ішінде

Кадырка және Даулеткерей ауылдарында «Nomad» құрылыс компаниясы балалар ойын алаңы және жазғы футбол алаңының құрылысын жүргізіп жатыр, жабаға сәйкес 2024 жылдың наурыз аяғына аяқтау жоспарлануда. Тапсырыс беруші Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімі.

Орлы ауылдық округі 

1

Орлы ауылының ауыз су жүйесін «Астрахань-Маңғышлақ» магистральды су құбырына қосу

2023 жыл ішінде

Орлы ауылын магистралды су құбырына қосу 2024 жылдың ІІ-тоқсанына жоспарланған.

2

Орлыдағы ескі қорымда орын қалмауына байланысты, «Қанжыға» учаскесінен алынған  жерді қоршау жұмыстары жүргізілсін

2023 жыл ішінде

«Қанжыға» учаскесінен алынған  жерді қоршау жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттік өтінім жолданды. Қоршау жұмыстары 2024 жылға жоспарлануда.

3

Почта жұмысын 5 күндік толық 8 сағаттық жұмыс уақытымен қайта ашылуын қолға алу.

2023 жыл

 ішінде

Орлы пошта бөлімшесі 2023 жылдың 23 қазанынан бастап            4 сағатқа, яғни 10.00-14.00 аралығында бір қызметкер  тұрақты жұмысын бастады.

4

Елді мекен аумағында көліктердің қатты жүруін тежеу мақсатында арнайы ауылшаруашылығы жануарларының макетін (муляж) қоюды және көліктердің жылдамдығын жол-патрульдік полиция қызметкерлері арқылы бақылауды қолға алу

2023 жыл

 ішінде

Көліктердің қатты жүруін тежеу мақсатында жануарларының макетін (муляж) қою жұмыстары жіргізілді және көліктердің жылдамдығын жол-патрульдік полиция қызметкерлері арқылы бақылауда.

Нұржау ауылдық округі

1

«Гаухар» бөбекжай балабақшасының ауласындағы апаттық жағдайда тұрған беседканы бұзу, жөндеу жұмыстарын жүргізу

2024 жыл

Беседка толығымен бұзылып, орыны тазаланды. Балабақша ауласына ойын алаңын салу және аббаттандыру үшін облыстық білім басқармасынан қаржы сұратылды.

2

Нұржау дәрігерлік амбулаториясына жедел жәрдем автокөлігін алып беру

2024 жыл

Нұржау дәрігерлік амбулаториясына 2024 жылы жедел жәрдем автокөлігін беру жоспарланған.

3

Нұржау дәрігерлік амбулаториясының жанынан дәріхана ашуды қолға алу

2024 жыл

Қазіргі уақытта ниет білдіріп отырған кәсіпкерлер жоқ.

Теңіз ауылдық округі

1

Ауыз су жөнінде қоғамдық комиссия құрып.Су арнасы қызметкерлері мен  округ әкімшілігі мамандарын, ардагерлер құрамын енгізіп жұмыстар жасау.

2023 жыл ішінде

Округ әкімінің 2023 жылғы 7 тамыздағы №Ө-99 «Теңіз ауылының су тазарту имаратының жұмысына қоғамдық бақылау жүргізу үшін комиссия құру туралы» өкімімен қоғамдық комиссия құрылып, су құбырының ақаулықтары зерделеніп, І-ші су тазарту имаратына қосымша 1(бір) су моторы алынып, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етілді.    

2

Достық көшесі-14 бойынша орналасқан иесіз тұрғын үйді сот арқылы иесіз деп тану немесе иесін анықтап тиісті шараларын алу.

2023 жыл ішінде

Теңіз ауылы, Достық көшесі 14 үйдің мұрагері болып Құрманғазы ауылдық округінің тұрғыны Д.Каров анықталды. Қазіргі уақытта тұрғын үйдің құжаттырын жасақтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сүйіндік ауылдық округі

 

Тұрғындарды цестернадағы сұйытылған газбен қамтамасыз ету үшін кәсіпкер табу, ұйымдастыру

2023 жыл ішінде

Облыстан алатын сұйытылған газ көлемінің жетіспеуіне байланысты, ауылға әкелуге ниет білдіріп отырғаны жоқ.

 

 «Сүйіндік» ЖШС-нің жайылымдық жерлеріне ревизия жүргізу

2023 жыл ішінде

Аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі, «Сүйіндік» ЖШС, округ әкімі аппаратының мамандарымен бірлесіп жайылымдық жерлер зерделеніп, аудандық жер комиссиясына тізімі жолданды. «Сүйіндік» ЖШС-нің басшысының кейбір жерлерді шаруа қожалықтарына пайдалануға беруге рұқсаты күтіліп отыр.

Асан ауылдық округі

1

Асан ауылына клуб ғимараты құрылысын бастау, сапалы жүргізу

2023 жыл ішінде

Асан ауылына 100 орындық мәдениет үйінің құрылысына ЖСҚ жасақталып сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылысына қаржы бөлу жөнінде Құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Қаржы бөлінген жағдайда құрылысын бастау көзделуде.

Қиғаш ауылдық округі

1

Қиғаш ауылы мен Д.Нұрпейісова елді мекеніне ауыл тұрғындары үшін ашық және жабық спорт алаңдарын салу

2023-2024 жыл

2024 жылға аудан бойынша 15 елді мекенге ойын алаңдарын салу үшін ЖСҚ жасақталып, сараптаманы оң қорытындысы алынды. Қазіргі уақытта бюджеттік өтінім жолданды. Қаржысы бөлінген уақытта құрылыс жұмыстары басталады.

2

Қиғаш фельдшерлік акушерлік пунктіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

2023-2024 жыл

2024 жылы Қиғаш ауылына 250 орындық мектеп салу жоспарланып, бұрынғы мектеп ғимаратына ауылдық округ әкімшілігі және фельдшерлік акушерлік пунктті орналастыру қолға алынады.

3

Қиғаш  ауылы және Д.Нұрпейісова елді мекеніне ауылішілік жол салу

 

 

2023-2024 жыл

Қиғаш ауылы мен Д.Нұрпейісова елді мекені үшін ауылішілік жол құрылысы үшін ЖСҚ жасақталуда.

Дыңғызыл ауылдық округі

1

Ауылдағы су желісін «Қиғаш-Маңғышлақ» су магистралына қосуды қолға алу

2023-2024 жыл

Аладағы уақытта техникалық-экономикалық негіздемеге сай талдау жүргізіп жоспарға енгізу көзделіп отыр.

2

Жыланды ауылындағы ашық футбол алаңына газон төсеу

2023-2024 жж

 

 

Бюджеттік өтінім берілді. Қаржы бөлінген жағдайда жұмыстары жасалатын болады

3

Қазіргі уақытта жасалып жатырған жол құрылысының жұмыстарынан тұрғындардың мекемелермен қатынасы үшін кірме жолдарды және автотұрақтарды жасау;

2023-2025 жж

 

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Жыланды ауылының  ауылішілік жолдарын тротуармен қоса қайта жаңғырту жұмыстарына» жобалау – сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Осы жобаға кірмей қалған автомобиль жолдары және автотұрақтар келесі 2 кезеңмен алдағы уақытта жоспарланатын болады.

4

Жыланды дәрігерлік емханасына жаңа ғимарат салу

2023-2024 жыл

Аудандық даму жоспарына енгізуге ұсыныс берілді.

Шортанбай ауылдық округі

1

Жасөспірімдер спорт мектебіне келген спорт жаттықтырушылардың тұрақтанып жұмыс жасауы үшін, тұрғын үймен қамту. Округ әкімшілігі теңгеріміне тұрғын үй сатып алуға қаржы бөлу.

2023-2024 жыл

Шортанбай ауылынан сатып алуға бос үй қарастырылуда.

Бөкейхан ауылдық округі

1

Жаңадан  салынып  жатырған мәдениет  үйінің  алдына  кірме  жол және  автотұрақ салу жұмыстарын  қарастыру

2023-2024 жыл

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Жыланды ауылының  ауылішілік жолдарын тротуармен қоса қайта жаңғырту жұмыстарына» жобалау – сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Осы жобаға кірмей қалған автомобиль жолдары және автотұрақтар келесі 2 кезеңмен алдағы уақытта жоспарланатын болады.

Бірлік ауылдық округі

1

Амангелді ауылының ішіндегі зиратты қоршау

2023-2024 жыл

Зираттарды қоршау жұмыстары аяқталды.

2

Қиғаш көшесіне асфальт жол салу

2023-2024 жыл

Бірлік ауылына жол құрылысы салынып, 2020 жылы пайдалануға берілді.   Осы жобаға кірмей қалған автомобиль жолдары және автотұрақтар келесі 2 кезеңмен алдағы уақытта жоспарланатын болады.

Кудряшов ауылдық округі

1

Ауылішілік тас жолда автокөліктер жылдамдықтарын асыра жүріп, қауіп туғызуда. Ауылдық округтегі  ауылішілік тас жолға,  жол белгілері толықтай орнатылса.

жыл ішінде

2016-2017 жылдары «Кудряшов-Жанаауыл-Арна» автомобиль жолын қайта жаңғырту» нысаны бойынша жол құрылысы салынып, пайдалануға берілді.

Жобада қаралған жол белгілері орнатылды.

2

Ауылдық округ теңгеріміндегі жайылым жерлерінің шекарасын белгілеу

жыл ішінде

Шекараларын бекіту жұмыстары жүргізілді

3

Иесіз тұрғын үйлердің иесін анықтап шарасын алуды ұйымдастыру

жыл ішінде

Иесіз тұрғын үйлердің иелері анықталып, шарбақтарының айналасына тазалық жұмыстары жүргізілді.

Жаңаталап ауылдық округі

1

Ж.Нәжімеденов көшесінде орналасқан үйлерге келіп тұрған электр бағаналарын, желілерін ретке келтіру

2023 жыл ішінде

Округке қарасты жарамсыз немесе апаттық жағдайда тұрған электр бағаналары мен желілерін ауыстыру мақсатында бюджеттік өтінім жолданды.

2

Хиуаз ауылына кірме жол, ауылішілік жолды қайта жаңғырту жобасы бойынша күтіп ұстау жұмыстары барысында жол белгілерін орнату           

2023 жыл ішінде

Хиуаз ауылының кірме жолдарына, сонымен қатар ауыл ішіне 20 км/сағ жол белгілері орнатылды.

3

Өлеңді көпірін қалыпқа келтіру

2023 жыл ішінде

Көпірді қалыпқа келтіру үшін қазіргі уақытта жүргізіліп жатырған Атырау-Астрахань республикалық жол құрылысынан шыққан бетон соқаларды қондыру үшін арнайы техникамен көмек көрсетуге демеушілер іздестірілуде.

Құрманғазы ауылдық округі

1

Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу

үнемі

Құрылысшы, Кадырка елді мекендеріндегі су тазарту кондырғыларындағы резервуардың сыйымдылығын кеңейтіп, реконструкция жасауға ұсыныс берілді.

2

М.Ғилаев көшесі 18 үйдегі ашық жатқан шұңқыр бетін жауып, қауіпсіздендіру

2023 жыл ішінде

Шұңқырдың беті жабылып, қауіпсіздендірілді.

3

Жаз мезгілінде балалар суға шомылатын орынды белгілеу

2023 жыл ішінде

Жаз мезгілінде балалар суға шомылатын орын ретінде Хайролла паркінің тұсы белгіленді.

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521