2023 жылдың алғашқы үш айында қазақстандық қонақүйлер 43 млрд теңге табыс тапқан

(0 Votes)

2023 жылдың алғашқы үш айында қазақстандық қонақүйлер 43 млрд теңге табыс тапқан. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе көп. Былтыр алғашқы тоқсанда еліміздегі орналастыру орындары 26,3 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Қаңтар-наурыз аралығында орналастыру орындарына 228 мың шетелдік қонақ тоқтады.

Айта кету керек, жыл басында Қазақстанда қонақүйлердің саны 4 мыңға жетті. Олардың жалпы сыйымдылығы 203 мыңнан астам орынды құрайды.

«Ішкі және шетелдік туристер санының артуына байланысты қонақүй қызметінің көлемі де ұлғайды. Мәселен, биыл жаз басталғалы елімізге келген шетелдіктердің жалпы саны 3 есе артты. Атап айтқанда, Қытайдан – 8,5 есе, Үндістаннан – 4,7 есе, Оңтүстік Кореядан – 3,8 есе, Ираннан – 3,8 есе, Германиядан – 3 есе, АҚШ-тан – 2,2 есе артып отыр»,- деді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

ҚазАқпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика