2023 жылға дейін әлеуметтік төлемдерді индексациялауға 1 трлн теңге бөлінеді - Президент

(0 Votes)

– 2023 жылға дейін әлеуметтік төлемдерді индексациялауға 1 трлн теңге бөлінеді.

Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қаншалықты ащы болса да шындықты айтып отырдық. Бұл кейбір мемлекеттерге қарағанда Қазақстанның ұтымды тұсы.

Алайда ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауға тиіс. Күрес әлі де жалғасуда. ДДСҰ болжамы бойынша пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет. Алдағы айларда күш-жігерімізді барынша жұмылдыра жұмыс істейтін боламыз. Осыған дайын болуымыз керек. Мәселе туындаған кезде ғана шұғыл қимылдамай, алдын ала шаралар қабылдап, барлығын жан-жақты ойластыруымыз керек. Барлық шешімдер мұқият тексерілген болжамдарға негізделген болуы тиіс», - деді Мемлекет бксшысы. ҚР Президентінің атап өтуінше, Үкімет нақты шектеулер мен бейімді карантин әдістерін енгізуде. «Пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірленеді. Мемлекет тарапынан әлеуметтік салаға және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелер орындалатын болады. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 1 трлн теңге бөлінуде. Әлеуметтік төлемдерді индаксациялау жұмысы жалғасасын табады. Осы бағытта 2023 жылға дейін шамамен 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

inform.kz

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика