Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жыл сайын мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізеді.
Жалпы қоғамдық мониторинг жүргізудің мақсаты-қызмет алушылардың қызмет сапасына және оның рәсімдеріне қанағаттанушылық деңгейін айқындау сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде проблемалық мәселелерді анықтау болып табылады.
2020 жылы қоғамдық мониторингті Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының ат салысуымен «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы жүргізген болатын. Қоғамдық мониторинг жүргізуге жалпы 70 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрі қамтылған, оның ішінде 22 қызметтің түрі жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі. Бұл ретте, аталған шара аясында республика бойынша 9181 респондент арасында сауалнама жұмыстары жүргізілген, оның ішінде Атырау облысы көлемінде 408 (4,4%)-респондентке сауалнама жүргізілгендігін атап өту қажет.
Атап өтетін жайт 2020 жылы жүргізілген қоғамдық мониторингтің нәтижесімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы белгіленген шекті баға 5 баллдан 4,58 баллды құрап қызмет алушылардың мемлекеттік қызметке қанағаттану деңгейі 75,1 пайызға жеткен. Бұл ретте, 2019 жылы жүргізілген қоғамдық мониторингтің нәтижесімен қызмет алушылардың мемлекеттік қызметке қанағаттану деңгейі 74,8 пайызды құрағанын ескеру қажет.
Бұған қоса, Қоғамдық мониторинг қорытыныдысымен жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына бағалаулар жүргізілген болатын.
Атап өтетін жайт, Сауалнама қорытындысы бойынша жиынтық көрсеткіштерімен республика көлемінде Атырау облысы 4,78 баллмен 4 орынды иеленіп отыр. Бұл ретте, 2019 жылғы қоғамдық мониторингтің қорытындысымен осы бағыт бойынша Атырау облысы 12 орынды иеленгендігін ескеру қажет.
Жалпы мемлекеттік көрсетілетін қызмет адамның дүниеге келгеннен өмірден өткенге дейінгі кезеңімен тікелей байланысты болғандықтан, қызметтердің сапалы көрсетілуі халықтың мемлекетке деген сенімін арттырады. Осыған орай, қызмет алушылардың қанағаттанушылық деңгейін арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдармен іс-шаралар жоспары негізінде жұмыстар жүзеге асырылатын болады.