200 теңгелік банкноттардың айналымда болу тәртібі туралы

Рейтинг: 0 / 5

Қазақстан Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақша айналысы департаментінің түсіндірмесі

Қазақстан Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – ҚҰБ) тұрғындар тарапынан өтініштер түсіп жатыр. Шағым иелері кәсіпкерлердің номиналы 200 теңгелік банкноттарды қабылдаудан бас тартатынын айтады.

ҚҰБ номиналы 200 теңгелік банкноттардың заңды төлем құралы болып қалатынын еске салады. Олар 200 теңгелік монеталармен айналымда қатар жүреді. Ол банкноттарды төлемдердің, банктік операциялар мен аударымдардың барлық түрі бойынша қабылдауға міндетті.

Бұл банкноттарды банктер мен «Қазпошта» АҚ-ның барлық бөлімшелерінде, сондай-ақ ҚҰБ филиалдарында ұсақтауға да, айырбастауға да болады. Олар табиғи тозығы жеткенде ғана айналымнан алынады.

Бұл банкноттарды қабылдаудан бас тарту Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 206-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Егер сізден номиналы 200 теңгелік купюралар қабылданбаса, онда жақын маңдағы ҚҰБ-тың аумақтық филиалына хабарласу қажет. Бейнежазба жасауға кеңес береміз, болмаса, банкнотты қабылдаудан бас тартқан адамнан жазбаша негіздеме талап етіңіз. Біздің филиалдарымыздың мекен-жайы мен байланыс телефондары ҚҰБ сайтында көрсетілген. Қосымша сұрақтар туындаса, ҚҰБ-тың байланыс орталығына 1477 нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика