19 қаңтарға қараған түнде Атырауда төтенше жағдай режимі күшін жояды

(0 Votes)

"Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз-хатшысы Берік Уәли "Фейсбук" желісіндегі парақшасында жазды" деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

"19 қаңтардың түн ортасынан бастап Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында төтенше жағдай режимі аяқталады.

Бұған дейін  Президент шешімімен басқа өңірлердегі төтенше жағдай мерзімінен бұрын күшін жойған болатын. Осылайша, бүкіл ел қалыпты жағдайға оралады. Төтенше жағдай кезеңінде енгізілген коменданттық сағат және басқа да уақытша шектеулер жойылады. Халықтың бірлігі мен тұтастығының, құқық қорғау органдары мен армияның жанкешті еңбегінің арқасында Қазақстанның барлық аумағында тәртіп пен тыныштық қалпына келді. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен амандық орнасын!"- деп жазды Берік Уәли.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика