Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өз қызметінде жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің арыз-шағымдарын қарап, заңнама аясында бұзушылықтарды жою бойынша жедел ісшаралар қабылдауда.
Сонымен қатар, Департаментпен мемлекеттік қызмет қағидаттарын жүзеге асыру аясында осындай арыз-шағымдарды қараумен шектеліп ғана қоймай, мониторинг, талдау жұмыстарын жүргізу арқылы да мемлекеттік қызметшілердің де құқықтарын қорғау бойынша тиісті жұмыстар атқарылған.
Осы тұста, тиісті жұмыстар нәтижесінде 180 мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалып, оның ішінде 70 қызметкердің әлеуметтік-еңбек құқықтары қалпына келтірілген.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен кепілдік берілген төлемдері, яғни тиісті мемлекеттік қызметшілердің қызметтеріне бағалаужүргізіліп, нәтижесінде 2,5 миллион теңге бонустар берілген, 109 926 теңге іссапар шығындары төленсе,1,7 миллионнан астам теңге мөлшеріндетөрт орташа айлық жалақысы мөлшеріндегі жұмыстан шығу жәрдемақылары өтелген. Осы секілді, 1,4 миллионнан астам теңге мөлшерінде негізсіз үстеме жұмысқа тартылғандары үшін қызметкерлерге заңнамада көзделген төлемақылар өтеліп берілген, жүктеме жұмыс жасап отырған қызметкерге ақысының 20 %-ы көлемінде үстемақы белгіленіп, еңбекақысының айырмасы жүргізілген.
Сондай-ақ, Департаментпен тұрақты түрде жүргізілетін мемлекеттік қызметшілерді заңсыз артық жұмысқа тарту деректерінің алдын-алу және болдырмау мақсатындағы шаралар нәтижесінде 74 қызметкерге ақы төленетін демалыс күндері/сағаттары беріліп, бұзылған құқықтары қалпына келтірілген.
Департаменттің баспасөз қызметі