15 желтоқсанда өтетін онлайн-диктантқа қалай қатысуға болады?

(0 Votes)

Елімізде 15 желтоқсанда екінші рет онлайн-диктант өтеді. Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылып жатқан жазба жұмысына таңғы 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін қатысуға болады. 

Stan.kz ақпарат агенттігі осымен екінші жыл қатарынан онлайн-диктант ұйымдастырып келеді. Қазақ тілінде өтетін диктантқа қатсыу арқылы сіз ана тілімізге деген құрметіңіз бен сүйіспеншілігіңізді білдіре аласыз. 

Жазба жұмысына қатысу үшін интернет пен компьютер немесе ноутбук, телефоныңыздың болғаны жеткілікті. Дегенмен диктантты компьютер немесе ноутбукпен жазу әлдеқайда ыңғайлы болады. 

Диктант қалай өтеді? 

15 желтоқсанда таңғы сағат  08:00-ден бастап dictant.stan.kz парақшасында мәтінді оқитын спикерлердің видеосы жарияланады. Оны қарап шығып, айтқандарын мұқият тыңдап, диктант жазасыз.

Диктанттың басталу уақытын қалт жіберіп алмас үшін біздің Stan.kz Play Market және  AppStore-дан жүктеп алуға кеңес береміз.

Жазба жұмысын орынлдауға берілетін уақыт шектеулі. Жазбаны бірнеше рет тыңдауға шектеу қойылады. 

Мәтінді жазып болған соң, сіз қай жерде қате жібергеніңізді көріп, баға қойылған сертификат аласыз. Бұған қоса, жазба жұмысын ең үздік орындап шыққан үш қатысушының арасында iPhone ойнатылады.

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика