11-сынып түлектеріне аттестат 3-4 маусымда тапсырылады

(0 Votes)

11-сынып түлектеріне аттестат 3-4 маусымда тапсырылады.

«Жыл сайын бұл іс-шара маусым айының ортасында өткізілетін. Бірақ мектеп бітірушілері үшін қорытынды аттестаттау емтихандары өткізілмейтінін және ҰБТ-ға дайындалу қажеттілігін ескере отырып, бұл іс-шараны маусым айының басынды өткізу туралы шешім қабылдадық. Іс-шара аясында салтанатты түрде аттестаттар тапсырылып, 11-сынып түлектері үшін соңғы қоңырау соғылады», - деп мәлімдеді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Іс-шара міндетті түрде мектеп аумағында, ашық ауада, қонақтарсыз, тек түлектердің қатысуымен және санитарлық нормаларды сақтай отырып өтуі тиіс. Аттестат тапсыру рәсіміне мектеп формасында келу ұсынылады. Сондай-ақ, салтанатты бөлімнен кейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, ағаш отырғызу акциясын өткізу жоспарланып отыр. Кейінгі жылдары мұндай акция дәстүрлі түрде 25 мамырға орай ұйымдастырылады, - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің фейсбук парақшасында.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика