1 қаңтардан бастап жалақының ең төменгі мөлшерi өзгереді

(0 Votes)
фото: atr.kz

Келер жылдан бастап елімізде жалақының ең төмен мөлшерi, сонымен қатар мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері мен зейнетақының ең төмен мөлшерi өзгереді, деп хабарлайды atr.kz

Бұл туралы 2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда толығырақ айтылған. Аталған заңның 9-бабында жалақының жаңа жүйесі туралы айтылған.

Яғни 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының ең төмен мөлшерi өзгереді:

1) жалақының ең төмен мөлшерi – 85 000 теңге;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 28 215 теңге;

3) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 57 853 теңге;

4) айлық есептiк көрсеткiш – 3 692 теңге;

5) базалық əлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 43 407 теңге болады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521