Сайлау: Азаматхан Әміртаев өз таңдауын жасады

(0 Votes)

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азаматхан Әміртаев конституциялық құқығын пайдалану үшін елорданың №92 мектеп-лицейінде орналасқан №52 учаскеге келді. «Таңнан бері халықтың белсенділігі байқалады. Бұл жақсы тенденция. Бұл сайлау әділ өтетініне сенімдімін. Бұл жерде ең басты мәселе – халықтың сенімі. Халық кімге сенім артса, солар депутат болып, мемлекет игілігне жұмыс істейді деп ойлаймын», - деді Азаматхан Әміртаев.

Еске салайық, ҚР Конституциясына сәйкес, Парламент Мәжілісі аралас сайлау жүйесі бойынша Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 98 депутаттан тұрады. Бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі аумағы бойынша, яғни партиялық тізім бойынша Мәжілістің - 69 депутаты, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша 29 депутат сайланады.

19 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған Парламент Мәжілісін тарату және 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын белгілеу туралы Жарлыққа қол қойған еді. Бұл күні Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика