Өрге жетелейтін өзгерістер

(0 Votes)

«Respublica» партиясы атынан сайлауға түсетін кандидаттар небәрі 4 күннің ішінде 10 мың қазақстандықпен кездесті. Бүгінде еліміз бойынша 20 облыстық штаб жұмысын жалғастырып жатыр.

Жақында «Respublica» партиясының төраға­лары мен кандидаттары Тараз қаласына барды. Мұнда жер­гілікті кәсіпкерлер, түрлі саладағы компа­ния­лардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өтті. Көп­шіліктің алдында партия төрағасы Айдарбек Қожа­назаров, тең төраға Сырымбек Тау, Мәжіліс депу­тат­тығына кандидаттар – Қуаныш Шонбай, Қыр­мызы Жандосова, Екатерина Смолякова, Әсел Дә­кен, Олжас Болатбекұлы және Бақытбек Хамит сөз сөй­леді. Олар партия бағдарламасымен танысты­рып, «Елде нені өзгерту қажет?» деген сауалды талқылады. «Рас, біздің саясатта тәжірибеміз жоқ. Бірақ уәде беріп, кейін оны орындамай қалудан тәжірибеміз жоқ. Сіздерге беретін жалғыз уәдеміз мынау: Сіз «Respublica» партиясынан тек шындықты естисіз, кейде бұл шындық ащы болуы мүмкін», деді А.Қожаназаров.

Екатерина Смолякова адамдарға өзгерістерге үміт сыйлайтын жаңа партия құрғаны үшін әріп­тес­теріне алғыс айтты. «Мен – қазақ тілі мен әде­бие­ті пәнінің мұғалімімін. Жастармен жұмыс істеу­де 10 жылдан астам тәжірибем бар. Екі бала­ның анасымын. Балаларымның болашағын өзіме үл­гі бо­лат­ын адамдарға сенімді түрде тапсыр­ғым келеді, сол үшін де осы партияның қатарына қосы­­лып, өзгерістерге атсалыспақпын», деді Е.Смолякова.

Партияның тең төрағасы Сырымбек Тау Қазақ­станда ауқымды реформалар жүргізілу керектігін айтты. Ең алдымен, қарызға белшесінен батқан ел азаматтарының жағдайын жақсартуға баса назар аудару керек. Ол ел тұрғындарының, тіпті азық-түлік алу үшін де несие алатынына қынжылды.

Ал Алматы облысының Кербұлақ ауданында өткен кездесуде партияның тең төрағасы, Мәжіліс депутаттығына кандидат Динара Шүкіжанова: «Қазіргі сайлау кезеңі еліміз үшін ерекше, өйткені көп жылдардан бері алғаш рет жаңа партиялар тіркеліп, саяси науқанға белсенді түрде қатысып жатыр. Біз – «Respublica» партиясы, бизнес өкілдері, саяси аренаға жаңадан қадам басқанымызға қарамастан елді қалай өзгерту керектігін білеміз. Біз шын жүректен азат және гүлденген Қазақстанда өмір сүргіміз келеді», деді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика