Нәсіп апай - ең бірінші дауыс беруші

(0 Votes)

Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы күні. Осыған орай, Құрманғазы ауылы орталығындағы 175 учаскелік сайлау комиссиясы жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де дауыс беру үшін ашылды. Мұнда 2044 сайлаушы бар. 10-ы алғаш дауыс берушілер болса, 13 тұрғынға жылжымалы жәшік арнайы апарылады. Ауыл тұрғыны Нәсіп Мажикенова дауыс беру құқығын бірінші болып пайдалану мүмкіндігін жіберіп алмай, сайлау учаскесінде алғашқылардың қатарында болды. "Биылғы Мәжіліс және мәслихат сайлауында бірнеше ерекшелік бар. Мұның бәрі де саяси жүйені түбегейлі қайта жандандырып, мемлекеттік басқарудың жаңа формасына алып келеді. Сол себепті бұл сайлаудың орны айрықша деп білемін. Азаматтар бұл науқанға жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені, әр дауыс елдің тағдырын шешеді. Ең бастысы еліміз өркендеп, ынтымақ-бірлігіміз бекем болсын " дейді сауда саласының ардагері. Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Фарида Бралина Нәсіп Мажикеноваға бірінші келуші ретінде сыйлық табыстады. Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика