Мемлекет өміріндегі маңызды қадам

(0 Votes)

Мен, “Жастар таңдауы - Атырау” қоғамдық бірлестігінің байқаушысы Азамат Абдоллаев Орлы ауылдық округіндегі №176 сайлау учаскесіндемін.

Таңертеңнен бері сайлау учаскесінде адам көп, сондықтан қоғамдық ұйымдар мен партиялардың барлық бақылаушылары дауыс беру барысын жіті қадағалап отыр. Дауыс беру кезінде ешқандай ескертулер болған жоқ, бәрі заң шеңберінде жүріп жатыр.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы - мемлекеттік билік институтын жаңғырту жұмыстарының қорытынды кезеңі болмақ. Сондай-ақ, Қазақстанның жаңа басқару моделіне көшкенін дәлелдеуіне берілген мол мүмкіндік.

Тың идеялар, жаңа бастамалар нәтижесінде жаңарған Қазақстанды осы сайлаудан кейін көргіміз келеді. Сайлауға түсіп жатқан депутаттыққа кандидаттарға алдымен адалдық тілеймін. Еліне, Отанына деген ынта-махаббатын тиянақты ісімен дәлелдеп береді деген үлкен сенімдеміз.

Азамат Абдоллаев, “Жастар таңдауы - Атырау” қоғамдық бірлестігінің байқаушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика