1451 сайлаушы тіркелген Мақаш ауылдық округіндегі №165 сайлау учаскесінде дауыс берушілердің қарасы қалың.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Жастілек Мырзағалиевтің мәліметінше сағат 7.00-ден бері 300-ге жуық адам таңдауын жасап үлгерген.
78 жастағы ауыл шаруашылығы саласының ардагері Темір Жаманқұлов өз аяғымен келіп сайлау учаскесінде дауыс берді. «Елімізде болып жатқан өте маңызды саяси науқанға бей-жай қарамай, өз таңдауымды жасадым. Себебі, әр азаматтың дауысы – маңызды. Жаңа Қазақстанды құру – баршамызға ортақ міндет», - дейді қария.
Белсенділігі үшін естелік сыйлыққа ие болған ауыл ақсақалы барша қазақстандықтарды сайлауға қарқынды түрде қатысуға шақырып, ақ батасын берді. Еркеназ Қалижан