Білім саласына басымдық бермек

(0 Votes)

«Amanat» партиясының республикалық сайлауалды штабы үгіт-насихат науқанын өңірлерде жалғастырды. Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Асхат Аймағамбетов Түркістан облысындағы сайлаушылармен жүздесті.

Штаб мүшелері алдымен «Farab Library» кітапханасында ақсақалдар, зиялы қауыммен кездесу өткізді. Мұнда аманат­тықтар ұлт руханиятын, мәдениеті мен өнерін дамыту мәселелерін талқылап, пар­тияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдар­ламасында қамтылған өзге де бастамаларды таныстырды. Бұдан соң Асхат Аймағамбетов Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттерімен, білім ордасының профессорлық оқытушылар құрамымен жүздесті.

– Бүгін сіздермен еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға қарсаңында дидарласып отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, күні кеше «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасы жарияланды. Біздің бағытымыз – айқын, ұстанымымыз – берік. Біз жемқорлық пен қымбатшылықтың алдын алып, денсаулық сақтау саласын­­дағы түрлі кедергілермен күресіп, ашық, әділет­ті қоғам құруды көздейміз. Сондықтан осы мақсаттарымызды сайлауалды бағдарламада 10 негізгі бағыт бойынша топтастырдық. Оның ішінде білім және ғылым саласы да қамтылды, – деді А.Аймағамбетов.

Оның айтуынша, аталған салада бұған дейін де ауқымды жұмыс атқарылды. Алайда дамытуды, жетілдіруді және ерекше назар аударуды қажет ететін мәселелер әлі де бар.

– Партияның сайлауалды бағдарламасында халықты толғандарған түйткілді мәселелердің басым бөлігі қамтылды. Соның ішінде, жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту, грант санын көбейту, шәкіртақыны көбейту, оқытушылардың жалақысын өсіру, стоматология, педиатрия мамандықтарына мән беру бастамалары да көрініс тапты. Біз жалған ұран тастап, орындалмайтын уәде бермейміз, – деді кандидат.

Кездесу барысында Асхат Аймағамбетов студенттердің сұрағына жауап беріп, түрлі тақырыпқа қатысты ойын ортаға салды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521