Басым бағыттар баяндалды

(0 Votes)

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының республикалық сайлауалды штаб кеңсесінде «Ашық есік күні» өтті. Кеңсеге келген азаматтардың сауалдарына Парламент Мәжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидаттар Асхат Рақымжанов, Нұрлан Әуесбаев, Талғат Омаров және Мақсұт Насибулов жауап берді.

Іс-шара барысында кандидаттар елордалық сайлаушыларға партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын баяндады. Ал Парламент Мәжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидаттар Нұрлан Әуесбаев, Ажар Сағандықова және бірмандаттық аймақтық округ бойынша кандидат Азамат Хайсин «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС жұмыскерлерімен кездесті. «Жылыту маусымының ең қызған шағында Екібастұздағы ЖЭО-да орын алған қайғылы апат – еліміздің энергетикалық жүйесінің бүгінгі жай-күйі», деп атап өтті өз сөзінде Нұрлан Әуесбаев.

Кандидаттар ЖЭО-дағы кезек күттірмейтін мәселелерді, сондай-ақ биліктің апаттан кейінгі іс-қимылдарын талқылады. Сонымен қатар кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары баяндалды. Парламент Мәжілісінің депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат Валерий Смоквин «Көкшетау минералды сулары» АҚ еңбек ұжымымен кездесті.

«Социал-демократиялық идеология – адамзаттың басты саяси жетістіктерінің бірі. Ол – озбырлық әрекеттер арқылы емес, келісім мен әлеуметтік әріптестік негізіне сүйенген жоспарлы өзгерістер арқылы жүзеге асырылатын әділетті қоғам туралы бүкіләлемдік идеялардың даму нәтижесі. Бұл – парламенттік демократия мен құқықтық мемлекет негізінде жасалған әр қадамын кемшіліктер мен таптық бөлінуді жоюға бағыттайтын, мемлекетте, экономикада және қоғамда демократияны жүзеге асырып, сонымен қатар жеке және рухани бостандықпен қамтамасыз етіп, сол арқылы өз құндылықтары – еркіндік, әділеттілік пен ынтымақтастыққа қол жеткізіп, қорғайтын қоғамдық үлгі. Бүгінде басымдық танытып отырған әлеуметтік-экономикалық және саяси жағынан артта қалған елдер есебінен өмір сүріп отырған тарихи болашағы жоқ капитализмді біртіндеп өзгертіп, оның орнына халықаралық қарым-қатынаста әділеттік орнатып, барлық адамзаттың жаппай, жан-жақты және тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, материалдық игілікті олардың әл-ауқатының ұдайы өсуі үшін әділетті түрде бөлуді жүзеге асыруды мақсат етеді», деді кандидат.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521