Аймақ дамуына – айрықша назар

(0 Votes)

Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев аймақтардағы сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жалғастырып жатыр.

 Жуырда партия төрағасы Павлодар облысының сайлау­шыларымен кездесті. Е.Ертісбаев Павлодардағы «УПНК-ПВ» ЖШС еңбек ұжымымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Зауыт күйдірілген мұнай коксын өндірумен айналысады және экспортқа өнім жөнелтеді. Партия төрағасы зауыт жұмысшыларына Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасында социал-демократиялық бағытқа басымдық берілгенін баяндады. «Әлеуметтік әділеттілік идеясы халық арасында өміршеңдігін сақтап тұр, оны жүзеге асыратын уақыт келді», деді ҚХП төрағасы.

Халық партиясы демократияны, мемлекеттік бас­қару мен басқа да жетекші салалардағы реформалар­ды, тегін медицина мен білім беруді, тұрғын үй бағ­дар­ламасын жүзеге асыруды, аймақтарды дамы­ту­ды, олигархиямен күресуді, күшті мемлекет қа­лып­­тастыруды жақтайды. Орта тап пен елдің барлық аза­матының өмір сүру деңгейін көтеруді қолдайды.

«Еңбек заңнамасын түбегейлі өзгерту керек, – деді Ермұхамет Ертісбаев. – Кодекс жұмыс берушілердің ғана емес, қызметкерлердің де құқығын қорғауы керек. Сонымен қатар біздің партия ауыр және қауіпті өндірістерде жұмыс істейтіндердің зейнет жасын төмендетуді жақтайды.

Бұдан соң партия төрағасы сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында қалалық Мәдениет сара­йында халықпен кездесті. Іс-шара барысында ҚХП төрағасы қала тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын қысқаша таныстырып, сайлау­шылармен пікір алмасты. Үгіт-насихат жұмысы сұрақ-жауап форматында өтті.

Ал Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат, ҚХП Жетісу облыстық филиалының төраға­сы Қахарман Жақсылық «Талдықорған облыс­­тық әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлес­­тігінің ұжымына сайлауалды үгіт-насихат жұмы­сын жүргіз­ді. Ол Халық партиясы әйелдердің 58 жас­тан зейнет­ке шығу қозғалысын қолдағанын, нәти­жесін­де 61 жастан зейнетке шығуға 5 жыл мора­торий жарияланғанын атап өтті. «Халық пар­тия­сының сайлауалды бағдарламасында көп­балалы аналарға, толық емес отбасы мен мүм­кіндігі шектеулі баласы бар аналарға қолдау көр­сетуге басымдық берілген», деді Қ.Жақсылық.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521