10 164 сайлау учаскесінде дауыс беру өтіп жатыр - ОСК

(0 Votes)

АСТАНА. ҚазАқпарат – 10 164 сайлау учаскесінде дауыс беру өтіп жатыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының комссиялары ұсынған жедел деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 8.00-дегі жағдай бойынша барлық өңірде 10 146 учаске дауыс беруге кірісті. Сондай-ақ 17 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 18 учаскеде дауыс беру басталды. Осылайша, қазіргі уақытта дауыс беру 10 164 сайлау учаскесінде өтуде», - деді Мұхтар Ерман.

Айта кетерлігі, сағат 10.00-ден бастап әр екі сағат сайын Орталық сайлау комиссиясы азаматтардың дауыс беруіне қатысты деректерді жариялап отырады. Бұған дейін астана уақытымен сағат 07.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде 8 272 учаске ашылғанын жазған едік.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 12 шет мемлекеттегі 13 учаскесінде дауыс беру өтіп жатыр. Ал 92 учаскеде аумақтық комиссиялардың Конституциялық заң аясында қабылданған шешімдеріне сәйкес, дауыс беру таңғы сағат 06.00-де басталған болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521