Атырауда пәтерден өлі табылған ерлі-зайыптының Құрманғазы ауданынан екені белгілі болды

(0 Votes)

Атырауда жалға алынған пәтерден ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды. Пәтерді бір ай бұрын жалға берілгені анықталды.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 25 шілде күні сағат 19:30 шамасында 64 жастағы тұрғын полицияға шағым түсірген.

«Атырау қаласының тұрғыны 1992 жылы туған қызының пәтер есігін ашпай жатқанын жеткізіп, мекенжайын айтқан. Көрсетілген мекенжайдағы ішінен кілттеулі тұрған пәтердің есігін ашу үшін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шақырылды. Сол кезде пәтердің ішінен 1992 жылғы әйел мен 1991 жылғы ер адамның мүрдесі табылды», -деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, 1991 жылы туылған азамат осыған дейін Құрманғазы ауданы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып келген. Құрманғазы аудандық әкімдігі бұл ақпаратты растады.

Ерлі-зайыптылар ажырасу процесінде болған. Араларында төрт бала бар.

Қазір полиция қызметкерлері аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен тергеу амалын жүргізуді бастады.

 

Сурет: gazeta.uz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика