Жолдауда жасанды интеллект пен цифрлық өзгерістерге ерекше назар аударылды. Бұл қарапайым жұмысшылар үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенемін. Кейбір ауыр әрі уақыт алатын жұмыстар жеңілдеп, еңбек өнімділігі артады.
Мемлекет жаңа технологияларды енгізумен қатар, халықты соған бейімдеуге жағдай жасаса, жасанды интеллект ел дамуына нақты үлес қосады.


