Президент Жолдауы – ел дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын маңызды құжат. Жолдауда интеллектуалды ұлт қалыптастыру басты мақсаттардың бірі ретінде көрсетіліп, білім мен ғылым саласында заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні дамытуға ерекше мән берілді.
Бұл – жаһандық бәсекеге қабілетті қоғам құрудың негізгі алғышарты. Интеллектуалды ұлт қалыптастыруда жасанды интеллекттің рөлі зор. Білім беру жүйесінде жасанды интеллект негізіндегі цифрлық платформаларды қолдану оқыту сапасын арттырып, оқушылар мен студенттердің жеке қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жасанды интеллект деректерді талдау, ғылыми зерттеулер жүргізу, инновациялық жобаларды іске асыруда маңызды құралға айналып отыр.
Жолдауда айтылған білім мен технологияның үйлесімі ел жастарының шығармашылық және зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған. Интеллектуалды ұлт – жаңа білімді меңгерген, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалана алатын, ел дамуына үлес қосатын саналы азаматтардан құралады. Осы тұрғыдан алғанда, Президент Жолдауы интеллектуалды қоғам қалыптастырудың берік негізін қалайды.



