Жолдау және білім сапасы

(0 Votes)

Президент Жолдауында білім сапасын арттыру – ел дамуының басты тетігі ретінде айқындалды. Мемлекет алдымен ұстаз мәртебесін көтеру, білім беру инфрақұрылымын жаңарту және оқыту мазмұнын заман талабына сай бейімдеу міндетін жүктеп отыр.

Бұл – бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру жолындағы нақты қадам. Жолдауда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды білім беру жүйесіне енгізу қажеттігі ерекше аталды. Жасанды интеллект оқушының жеке қабілетіне қарай білім алуға мүмкіндік беріп, білім сапасын арттырудың тиімді құралына айналуда.

Сонымен қатар, ол мұғалім еңбегін жеңілдетіп, оқу үдерісін жүйелі әрі нәтижелі етуге жол ашады. Осылайша, Президент Жолдауында жүктелген міндеттер білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Заманауи технология мен жасанды интеллектті тиімді пайдалану арқылы білім саласы елдің тұрақты дамуының негізіне айналмақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT