Жолдау және білім болашағы

(0 Votes)

Президент Жолдауында ел болашағы сапалы білім мен зияткер ұлт қалыптастырумен тікелей байланысты екені атап өтілді. Қазіргі кезеңде білім беру жүйесі тек білім берумен шектелмей, ойлай алатын, жаңашыл, технологияны меңгерген тұлға тәрбиелеуді көздеуі тиіс.

Жолдауда жасанды интеллектіні дамыту мен оны білім саласына енгізу – уақыт талабы ретінде көрсетілді. Жасанды интеллект оқыту әдістерін жетілдіріп, білім алушының қабілетін ашуға мүмкіндік береді. Бұл болашақ мамандарды жаңа экономикалық және технологиялық ортаға бейімдеудің тиімді жолы.

Президент Жолдауында белгіленген бағыттар білімнің болашағын айқындайды. Жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерге негізделген білім жүйесі Қазақстанның интеллектуалдық әлеуетін арттырып, жаһандық бәсекеде өз орнын нығайтуға ықпал етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT