Биылғы Президенттің Жолдауында жасанды интеллектті дамытуға ерекше мән берілді.
Бұл технология мемлекеттік қызметтерді жеңілдетіп, халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Егер жасанды интеллект дұрыс әрі тиімді қолданылса, қарапайым тұрғындар үшін уақыт үнемделіп, күнделікті өмір әлдеқайда қолайлы бола түседі.



