Президент Жолдауы – қоғам дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын маңызды құжат. Онда білім саласының ел болашағы үшін шешуші рөл атқаратыны ерекше атап өтіледі.
Білімді ұрпақ қалыптастыру – мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған ортақ мақсат екені Жолдауда нақты көрініс тапқан. Қазіргі таңда білім беру жүйесі заман талабына сай жаңарып келеді. Президент Жолдауында цифрландыру, жаңа технологиялар мен жасанды интеллектті білім саласына енгізу мәселесіне басымдық берілді. Бұл білім алушылардың ойлау қабілетін дамытып, ақпаратты саралай білуіне және заманауи дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік береді.
Жасанды интеллект – білім сапасын арттырудың тиімді құралына айналуда. Жолдау мен білімді тоғыстыратын басты мақсат – бәсекеге қабілетті, саналы әрі жауапты ұрпақ тәрбиелеу. Білімге жасалған әрбір инвестиция елдің ертеңіне салынған берік негіз. Президент Жолдауында көтерілген білімге қатысты бастамалар қоғамның дамуына серпін беріп, болашаққа деген сенімді нығайтады.



