Президент Жолдауында білім беру жүйесін жаңғыртуда жасанды интеллектіні енгізу стратегиялық міндет ретінде айқындалды.
Бұл қадам білім сапасын арттырып қана қоймай, оқыту үдерісін дербестендіруге мүмкіндік береді. Жасанды интеллект арқылы оқушылардың қабілетін анықтау, білім олқылықтарын уақытында толықтыру және оқу нәтижесін нақты талдау мүмкіндігі кеңейеді. Жолдау аясында цифрлық сауаттылықты ерте жастан қалыптастыру қажеттігі ерекше атап өтілді. Мектептерде жасанды интеллект элементтерін қолдану, деректермен жұмыс істеу мәдениетін дамыту және цифрлық платформаларды тиімді пайдалану – білім реформаларының негізгі бағыттарының бірі. Бұл өзгерістер білім алушыларды тек ақпарат тұтынушысы емес, технологияны саналы қолданатын тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, педагогтердің де жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын арттыру маңызды. Мұғалімдерге арналған цифрлық курстар мен жаңа форматтағы оқыту бағдарламалары білім беру жүйесінің сапалы трансформациясына жол ашады. Осылайша, жасанды интеллект білім саласындағы реформалардың негізгі қозғаушы күшіне айналуда.



