Жаңа Конституция жобасында жергілікті өзін-өзі басқару институттарын күшейту мәселесі – өте өзекті бағыттардың бірі деп есептеймін.
Өйткені аймақтардың дамуы, ауыл мен қаладағы өзекті мәселелердің шешілуі көбіне жергілікті деңгейдегі тиімді басқаруға байланысты. Егер жергілікті өкілді органдардың құзыреті кеңейіп, олардың қаржылық және әкімшілік мүмкіндіктері артса, халықтың күнделікті мәселелері жедел әрі сапалы шешіледі.
Бұл өз кезегінде азаматтардың мемлекеттік басқару процесіне белсенді қатысуына жол ашады.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы – демократияның нақты көрінісі болып келеді.Сондықтан жаңа Конституция жобасындағы бұл өзгерістер өңірлердің әлеуетін арттырып, халықтың өмір сапасын жақсартуға ықпал етеді деп есептеймін.



