Жаңа Конституция жобасында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту маңызды бағыттардың бірі. Бұл өзгерістер өңірлердің дербестігін арттырып, халықтың жергілікті шешімдерге қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.
Ауыл және аудан әкімдерін сайлау тәжірибесін кеңейту, мәслихаттардың өкілеттігін күшейту қарастырылған. Мұның арқасында өңірлік мәселелер тезірек шешіледі, халық пен билік арасындағы байланыс нығаятыеы сөзсіз.
Сарапшылардың пікірінше, жергілікті басқарудың дамуы әлеуметтік-экономикалық өсімге оң әсер етіп, өңірлердің өркендеуіне септігін тигізбек.



