Жауапты отаншылдық

(0 Votes)

Ұлттық Құрылтайда көтерілген басты ойлардың бірі – отаншылдық ұғымының мәнін терең түсіну. Патриот болу тек ұрандату емес, ел алдындағы азаматтық жауапкершілікті сезіну екенін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.

Қоғамға бос айқай емес, күнделікті еңбегімен, тәртібімен, заңға құрметімен үлгі болатын азаматтар қажет. Заң мен тәртіпті сақтау, адал еңбек ету, мемлекеттік институттарға сеніммен қарау – жасампаз отаншылдықтың негізгі тіректері.

Ұлттық Құрылтайда осы қағидаттардың нақты іспен бекітілуі қоғам үшін маңызды белгі болды. Ел ішінде де, шетелде де көк Туымыздың қадірін арттырып жүрген азаматтардың әрекеті – шынайы патриотизмнің көрінісі. Ұлттық Құрылтай халықтың сана-сезімі өсіп келе жатқанын көрсетті. Әр азамат заң талаптарын бұлжытпай орындап, ел тағдырына бейжай қарамаса, мемлекет те нығая түседі. 

Ақбота Жалғауова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT