Конференция құқық бұзушылық саласына жетекшілік ететін Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Булеков Қайрат Қуандықұлының кіріспе сөзімен ашылды.
Ол өз сөзінде жастар арасында сталкинг пен мәжбүрлі неке фактілерінің алдын алу – қоғам алдындағы ортақ міндет екенін атап өтіп, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен заң талаптарын сақтау әр азаматтың жауапкершілігі екенін жеткізді. Сондай-ақ, жастардың құқықтарын қорғау және қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
Конференцияның негізгі мақсаты – жастар арасында сталкинг пен мәжбүрлі некенің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, заң алдындағы жауапкершілікті түсіндіру және қиын жағдайға тап болған жастарға қолдау көрсету тетіктерін таныстыру болды.
Жиынға спикер ретінде Құрманғазы ауданы прокуратурасының прокуроры Қуанғалиев Дәулет Абайұлы, Құрманғазы ауданының отбасын қолдау орталығының басшысы Баймұханов Анарбек Теміртасұлы, “Темірәлі” аудандық мешітінің бас имамы Шалқар Даулетханұлы, Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, аналар кеңесінің мүшесі Сапарова Ұлмекен Қибатоллақызы, Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Сембаев Еркебұлан Бактыбайұлы қатысты.
Кездесу барысында мамандар сталкинг пен мәжбүрлі некенің құқықтық, әлеуметтік және психологиялық салдарын кеңінен түсіндіріп, мұндай жағдайларда қайда және қалай жүгіну керектігі жөнінде нақты ақпарат берді. Қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, сауалдарына жауап алды.
Конференция қорытындысы бойынша жастардың құқықтарын қорғау, қауіпсіз әрі саналы қоғам қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.



