Жасөспірімдермен құқықтық сауаттылыққа бағытталған кездесу өтті

(0 Votes)

Нұржау ауылдық медениет үйінде “Жастар және қоғам қауіпсіздігінің: алдын алу және жауапкершілік” атты жастар мен жасөспірімдер арасында тәрбиелік кездесу етті.

Аталған шараға Құрманғазы аудандық Жастар ресурстық орталығының заңгері Бақтығұл Ақниет Саламатұлы қатысып, мектеп оқушыларына құқық бұзушылык, нашақорлық, зорлық-зомбылық, буллинг, кибербуллинг, интернет алаяқтық, діндегі деструктивті ағымдар жайлы, бұның бәрі тұтас қоғамнын қасіреті екендігін тілге тиек етті.

Жасөспірімдер арасындагы құқық бұзушылык, қылмыс, нашақорлық, зорлық-зомбылық тек мектептін немесе құқық қорғау органдарының міндеті ғана емес, ең алдымен отбасы мен ата-ананын, тікелей жауапкершілігі. Құқық бұзушылық - бір сәттік қателік емес, нашақорлық-қызық емес, қасірет. Бүгінгі кездесуде өмірлік маңызды таңдаулар талқыланды. Қауіпсіз қоғам саналы жастан басталады. Ал саналы жас - дұрыс тәрбие мен дұрыс таңдаудың нәтижесі.

Бүгінгі кездесу жастарға ой салып, болашаққа жауапкершілікпен қарауға себеп болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT