“Жасөспірім” жедел профилактикалық іс-шарасы

(0 Votes)
2026 жылдың қаңтар айының 22-28 күндері аралығында “Жасөспірім” жедел профилактикалық іс-шарасы барысында, 27.01.2026 жылы Ақкөл жалпы орта мектебінде, есірткі оның ішінде синтетикалық есірткі салдары: сату және сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында “Заңды сақтау-өзіңді қорғау” тақырыбында 8-11 сынып ұл балаларымен құқықтық ағарту сағаты өткізілді.
 
Сондай-ақ, қылмысты болдырмау, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында оқушыларға түнгі сағат 23:00 ден таңғы 6-ға дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайдан тыс жерлерде болмауы, түнгі сағат 22:00 ден таңғы 6-ға дейінгі уақыт аралығында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болмауы, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын тұтынбау, шанышпалы-кесетін заттарды өздерімен алып жүрмеу, мүлдем автокөлік, мотокөлік, мопед басқармау, қорқытып алушылық пен бопсалаушылыққа жол бермеу, жаппай төбелестің алдын-алу және ұрлық қылмыстарының алдын-алу мақсатында бөтеннің мүлкіне қол сұқпау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
 
Қыс мезгіліне орай, мұз қату кезеңінде жағалаудағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, жылу жүйелерінің қосылуына байланысты табиғи газ, электр жабдықтарын тұтыну бойынша қауіпсіздік ережелерін сақтау бағытында профилактикалық түсінік жұмыстары жүргізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT