Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауы еліміздің цифрлық болашағын айқындайтын маңызды құжат деп санаймын. Жолдауда жасанды интеллект пен цифрландыруды дамыту арқылы экономиканы нығайту, мемлекеттік басқаруды тиімді ету және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру міндеттері нақты көрсетілген.
Студент ретінде бұл бастамалар бізге жаңа білім алып, заманауи технологияларды меңгеруге үлкен мүмкіндік береді. Жолдау жастарды жаңашыл ойлауға, жауапкершілікпен әрекет етуге және ел дамуына үлес қосуға үндейді. Сондықтан бұл құжат Қазақстанның болашағына сеніммен қарауға негіз болады.
Бекзат БЕКЕЖАНҰЛЫ, студент



