Ұлттық Құрылтай – отаншылдық ұғымын жаңа мазмұнда қалыптастыратын маңызды қоғамдық институт. Бұл алаңда патриотизм тек сөзбен емес, нақты іспен дәлелденуі керек деген ұстаным айқын көрініс табады.
Ел тағдырына бейжай қарамау, мемлекет алдындағы жауапкершілікті сезіну – Құрылтай көтерген басты құндылықтардың бірі болуда. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, заң талаптарын сақтау, ұлттық мүддені қорғау – жасампаз отаншылдықтың негізгі белгілері. Қоғамда көк Тудың қадірін арттыру, оны лайықты жерде әрі орынды қолдану мәселесінің талқылануы да осы жауапкершіліктен туындайды. Бұл – азаматтық сананың өскенін көрсететін маңызды қадам деп есептеймін. Ұлттық Құрылтайда айтылған ойлар әр азаматты нақты әрекетке үндейді. Әр жетістік – елдің жетістігі, әр абыройлы іс – мемлекеттің беделі екені осы жерде тағы бір мәрте айқындалуда. Сондықтан жасампаз отаншылдық – бүгінгі күннің талабы, ал Ұлттық Құрылтай – соның нақты көрінісі.



