Жаңғыру жолындағы тарихи кезең

(0 Votes)

Мемлекет басшысының "Түркicтан" газетiне берген сұхбатын жылы қабылдадық. Президентiмiз халыққа жақындығын осындай icтерiмен де көрсетiп жүр.

Сұхбаттан елдегі жағдаймен жақсы таныс екенін көремiз. Сондықтан бұл сұхбатты мемлекет пен халық арасындағы алтын көпір, ашық әрі шынайы диалогтың жарқын үлгісі деп бағаладық. Мемлекет басшысы ел алдында тұрған күрделі мәселелерді жасырмай, оларды шешудің нақты жолдарын ұсынды. Ақпарат құралында әлеуметтік әділдік, заң үстемдігі, сыбайлас жемқорлықпен күрес, ұлттық буржуазияның жауапкершілігі сияқты тақырыптардың ашық талқыға түсуi қоғамда әділеттілік үстемдік ете бастағанының айғағы.

Сонымен қатар, Қазақстанның жаңғыру жолындағы тарихи кезеңін айқын бейнелейді. Заман бiр орында тұрмайды. Бұл сұхбаттан елiмiз өркендеу жолымен iлгерiлеп келе жатқанын көрдік.

Балғаным Хасенова,

аудандық аналар кеңесінің төрайымы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT