Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы таныстырылды. Құжаттың алғашқы нұсқасы кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады.
Жаңартылған Преамбулада жалпыұлттық құндылықтар нақтыланып, мемлекет қызметінің жаңа қағидаттары бекітілді. Ел тарихында алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде жарияланып отыр. Бұл жаңа жоба қолданыстағы Ата Заңды жекелеген түзетулермен ғана шектеуді көздемейді.
Керісінше, мемлекеттік басқару жүйесін заман талабына сай қайта қарауға бағытталған. Қазақстан президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретінде сақталады.
Сонымен қатар, билік тармақтары мен қоғам арасындағы өзара тепе-теңдік тетіктері күшейтіледі



