Жаңа Конституцияның жобасымен таныстық

(0 Votes)

2026 жылғы 21 қаңтарда Конституциялық комиссия құрылды. Осыған дейін оның 6 отырысы өтті. Оның құрамына Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі құқықтанушылар, орталық мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, БАҚ басшылары, мәслихат төрағалары, аймақтық қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ сарапшылық және ғылыми қауымдастық өкілдерін қоса алғанда 130 адам кірді.

Оны дайындау кезінде соңғы 6 айда келіп түскен азаматтардың, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар мен сарапшылардың ұсыныстары, сондай-ақ Комиссия мүшелерінің пікірлері, ескертулері мен ұсынымдары ескерілді. Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жаңа Конституция кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады.

Мемлекеттік кеңесші - Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин: 
Конституцияның жаңа мәтініне ұсынылып отырған жаңа мәселелер, жаңа нормалар, басқа да өзгерістер тек қана осы ғимараттың қабырғасында комиссия өз жұмысын бастаған уақыт ішінде ғана пайда болған жоқ. Бұл - жарты жыл бойы ел азаматтарынан, сарапшылардан, қоғам белсенділерінен келіп түскен түрлі бастамалар жемісі. Осы күнге дейін жүргізілген түрлі талқылаудың нәтижесі. Жұртышылық eOtinish, eGOV платформаларында ашылған арнайы бөлімге парламенттік реформалар туралы ғана емес, жалпы Конституцияның құрылымы мен мазмұнына қатысты да өз ұсыныстарын жолдаған болатын. 2 мыңнан астам ұсыныс келіп түскенін атап өтті.

Рифхат Сұлтанияев, 

мемлекеттік қызмет саласының ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT