Жаңа Конституция жобасында 145 депутаттан тұратын, кеңейтілген өкілеттіктерге ие бір палаталы Парламент – Құрылтай құру ұсынысы еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам деп ойлаймын.
Пропорционалды сайлау жүйесінің айқындалуы саяси партиялардың рөлін арттырып, қоғамдағы әртүрлі көзқарастардың заң шығарушы органда кеңінен көрініс табуына мүмкіндік жасайды.
Депутаттардың өкілеттік мерзімінің 5 жыл болуы – тұрақты әрі жүйелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл өзгерістер заң шығару сапасын көрсетіп, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға ықпал ететініне сенім мол. Жалпы алғанда, ұсынылып отырған реформалар мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды бастама.



