Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы елдің стратегиялық мүдделері мен тұрақты даму мақсаттарына сай келетін маңызды құжат десек, ұсынылып отырған өзгерістердің барлығы мемлекеттілігімізді нығайтуға, билік жүйесінің тиімділігін арттыруға, мемлекеттік басқару органдарының қоғамдағы жауапкершілігін күшейтуге әрі ұзақ мерзімді әлеуметтік - экономикалық және экологиялық дамуға қажетті жағдайлар жасауға бағытталған.
Жаңа жобада еліміздің алдағы ондаған жылдарға арналған саяси, әлеуметтік және экономикалық даму бағдарын нақтылайтын, тұрақты әрі орнықты өсудің құқықтық іргетасын қалайтын басымдықтарға басты назар аударылған. Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі атап өткеніндей, бұрынғы Ата заңымызда адам құқықтары мен бостандықтары қорғалуы тиіс деп жазылса, қазір ол «Мүлтіксіз» қорғалуы тиіс деп жазылуы арқылы Конституцияның тікелей адамдарға адамдардың құқықтары мен бостандықтарына бет бұрғандығын байқатса, ал өмір сүру құқығы бар деген норма енді өмір сүру құқығы абсалютті және ажырамайды деп нақтыланған.
Жаңа Конституция жобасында ескірген терминология жаңартылып, мемлекеттің тарихи сабақтастығы мен болашаққа бағытталған дамуы қатар көрініс тапқан. Мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде адам капиталы екендігіне, білім мен ғылым, инновацияны дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл дегеніміз – адами капиталды дамытатын негізгі факторлар ретінде айқындалғандығын білдіреді.
Биыл тәуелсіздік алғанымызға 35 жыл толады. Осы уақыт аралығында Қазақстан қоғамы түбегейлі өзгерді десек, жаңа Преамбула бүгінгі заманның бағыт-бағдарын қоғамның мақсат-мұратын және ұлтымыздың болмысын айшықтап тұр. Сондай-ақ, Конституция жобасында алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау туралы норма енгізілді. Табиғатқа жауапкершілікпен қарау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру жалпыұлттық құндылық деңгейіне көтеріліп отыр. Экологиялық жауапкершіліктің Конституция жобасында нақты көрініс табуы, азаматтардың экологиялық құқықтарының басымдығының бекітілуі, жүйелі жасыл мемлекеттік саясаттың негізінің қалануы, экономикалық өсім мен жас ұрпақ алдындағы жауапкершілік арасындағы тепе-теңдіктің қамтамасыз етілуі ерекше маңызды деп есептеймін.
Қазіргі кезде Конституция жобасы халық арасында кеңінен талқылануда. Ал түпкілікті шешім референдум арқылы қабылданатынын ескерсек, әрбір азамат ел болашағы үшін өз ұстанымдарын білдіруге мүмкіндік алып отыр.
Нұргүл Дүйсенбайқызы, аудандық мәслихат депутаты



