Қоғамның сұранысы уақыт өткен сайын өзгеріп отырады. Бүгінде халық ең алдымен әділдік, ашықтық және тұрақтылықты қалайды.
Мемлекет қабылдайтын әрбір шешімiнiң қарапайым азаматтың өміріне қалай әсер ететінін ескеруі тиіс. Қоғам сұранысы ескерілмеген жерде сенім әлсірейді. Сондықтан заңдар мен реформалар тек қағаз жүзінде емес, нақты өмірде жұмыс істеуі маңызды. Халықтың үні билікке жетуі – дамудың басты шарты. Қоғам мен мемлекет арасындағы байланыс күшеюі керек. Азамат өзін тыңдап отырғанын сезінсе, ел болашағына бейжай қарамайды деп ойлаймын.



